Ортаңғы "Қызғалдақ" тобы. 8-Март мерекесіне арналған ертеңгілік.
Тақырыбы: «Ана-біздің күніміз,Ананың-біз гүліміз. Тәрбиеші: Кемалова Б.А Мақсаты: Балаларға көктем мезгілі туралы, көктем мезгілімен қоса келген аналар мерекесі 8-март мерекесі туралы түсінік беру. Отбасындағы ананың орнын түсіндіріп, анаға деген құрметті ұғындыру. Ана мен баланың арасындағы байланысты барлық жақсы қасиеттерін өлеңмен, әнмен, бимен, мақал-мәтелмен жеткізе білу.