02
декабрь
2022
"Бақытты балалар мекені" аудандық іс-шара
Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы - мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. "Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық - бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз" - деп атай келе, ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Осы орайда, әр балабақшада балаларға деген ерекше сүйіспеншілікпен өтіп жатқан "BALA FEST" эстафетасын біздің балабақшамыз жалғастырды.