Ару қала, әсем қала - Алматы
Алматы - менің сүйікті қалам. Әдемі көркімен, жанға жайлы ғимараттарымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар,сірә! Алатауы айқара ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. 18 сентябрь - Алматы қаласы мерекесіне орай, балабақшамызда "Ару қала, әсем қала - Алматы" атты мерекелік іс - шара болып өтті. Бүлдіршіндеріміз сүйікті қаласына арналған тақпақтар оқып, жырдан шашу шашты.