Біз туралы » Страница 11 » "№142 бөбекжай -балабақшасы" КМҚК, Бостандық ауданы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы:
+7(727) 302-13-73
Әдіскер:
+7(727) 302-13-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
4 маусым - Рәміздер күні
04
маусым
2022
4 маусым - Рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына байланысты 4 маусым күні сағат 10.00 - де балабақшамыздың ғимаратының алдында гимн айтылды!
№5 педагогикалық кеңес. Қорытынды
30
мамыр
2022
№5 педагогикалық кеңес. Қорытынды
Тақырыбы: "2021 - 2022 оқу жылындағы педагогикалық ұжым жұмысының нәтижелілігі". Мақсаты: Мектепке дейінгі мекемеде барлық іс - әрекеттер нәтижесін және әр педагогтың жекеше ісін қорытындылау, тәрбие - білім беру жұмысының бірнеше түрлерін көрсете алуы, оның нәтижесі.
Гепатит А
24
мамыр
2022
Гепатит А
Балабақшамызда "Гепатит А ауруының алдын алу" туралы қызметкерлермен семинар өткізілді.  Семинарды балабақшамыздың медбикесі В.А.Плесцова жүргізді.                                       Детском саду проведен семинар на тему " Профилактика вирусного гепатита А".  Семинар провела мед.сестра детского сада Плесцова В.А.
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
20
мамыр
2022
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
"Құлыншақ" мектепалды даярлық тобы балаларымен дене шынықтыру нұсқаушысы Айтжан Жанатовна ұйымдастырылған қорытынды ашық оқу қызметін өткізді. Мақсаты: Берілген тапсырмаларды зейін қойып орындауға үйрету. Ойын арқылы балалардың қимыл іс - әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. 
Ұйымдастырылған қорытынды оқу қызметі
18
мамыр
2022
Ұйымдастырылған қорытынды оқу қызметі
Білім саласы:  «Таным» Бөлімі:  Математика негіздері Тақырыбы:  «Ғажайып математика» Мақсаты:  Балаларға өздерін қоршаған ортадағы қарапайым математикалық ұғымдарды үйрету. Міндеттері:  Көктем мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіру; Дөңгелек, шаршы және үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді және олардың түстерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету; «1», «2», «3» сандарын тура, кері санауға және үш тілде санауға жаттықтыру; Тәуліктің төрт мезгілімен таныстыру.
Ересектер тобы
06
мамыр
2022
Ересектер тобы
Балаларға Жеңіс күні туралы мағлұмат беру. Жеңіс мерекесі – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Балаларға бейбітшілік туралы айта келіп, олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
Біздің мақтанышымыз!
04
мамыр
2022
Біздің мақтанышымыз!
Балабақшамыздың мақтанышы "Қызғалдақ" тобының тәрбиеленушісі Әшімбай Әли қалалық дзюдо турниріне 23+ салмағында қатысып,  І орын иеленді. Балақайымызды жетістігімен құттықтаймыз!!! Жеңісті күндерің көп болсын!
Достық мерекесі
03
мамыр
2022
Достық мерекесі
Тақырыбы: Әдемі мерекелік жалаушалар Мақсаты: Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту. Қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту. Тілдерін дамыту. Саусақтың бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
"Құлыншақ" тобы
29
сәуір
2022
"Құлыншақ" тобы
Ұйымдастырылған тақырыптық оқу қызметі Тақырыбы: 1 - мамыр Бірлік Мақсаты: Балаларға 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын жалаушаларды кесіп, жапсырту.
"Қызғалдақ" тобы
25
сәуір
2022
"Қызғалдақ" тобы
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жапсыру Тақырыбы: Бұйра қошақан Мақсаты: Үй жануары қой туралы білімдерін кеңейту. Қиялы мен шығармашылық ойын дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.